Канада астанасы Оттавада көктемгі су тасқынына байланысты төтенше жағдай жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Канада астанасы Оттавада көктемгі су тасқынына байланысты төтенше жағдай жарияланды

26.04.2019

Еріген қар суы мен күшті жаңбырдан өзендер арнасынан тасып, гидроэлектр станциясына істен шығу қаупі төніп тұр. Ал, Понтиак қаласында табиғи апаттан бір адам қаза тапты. Онда су басқан жолда көлігін басқара алмаған әйелді ағын алып кеткен. Биліктің хабарлауынша, Квебекте 1000-нан астам үйді су басып, тұрғындар қауіпсіз жерге эвакуацияланды. Құтқару жұмыстарына Канаданың қарулы күштерінен қосымша 200-дей сарбаз жұмылдырылып отыр.

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу