Қазір олар қауыз жарып, жергілікті тұрғындар мен туристердің көз қуанышына айналып отыр. Мұнда шетелден әкелінген тұқымдарға жергілікті климат қолайсыз болғандықтан, арнайы гибридтік сұрыптар шығарылыпты. Олардың 14-і қызғалдақтың жаңа түрі ретінде тіркелсе, 365-ін бұрын кездеспеген сұрып деп тану үшін арнайы сараптама жүргізіліп жатыр. Зертхана мамандарының айтуынша, гүлдің өзге түрін шығару ұзақ жылдар бойы зерттеуді талап етеді. Себебі қызғалдақтар тұқымы егілген соң, 5-6 жылдан кейін ғана гүлдейді екен.
Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ