Пәкістанда 9 тонна есірткі жойылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Пәкістанда 9 тонна есірткі жойылды

25.04.2019

Пәкістанда контрабандалық заттарды жою шарасы аясында 9 тонна есірткі мен 22 тоннаға жуық сірке қышқылы өртелді. Сонымен қатар, контрабандалық ликер мен сыраның 60 мың бөтелкесі жойылған. Заңсыз тасымалданған заттардың құны 21 миллион доллар. Олар бір жыл көлемінде жиналып қалған. Елдің кеден қызметінің мәліметінше, сірке ангидриді есірткі өнімдерін жасауда және фармацевтика өнеркәсібінде қолданылады. Пәкістан қазір Ауғанстаннан тонналап жөнелтілетін есірткіні әлемдік нарыққа жеткізетін негізгі мемлекет болып отыр.

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу