Ауғанстанның Нангархар провинциясындағы екі ауданда тұратын 500-дей отбасы үйлерін тастап кетті. Бұған «ДАИШ» тобына бағынышты күштер мен тәліптер арасындағы қарулы қақтығыс себепші.
Дүйсенбіде «ДАИШ» содырлары «Талибан» қозғалысының бақылауындағы ауылдарды шабуылдағаннан кейін, қақтығыс үдей түскен. Әзірге одан неше адамның қаза тапқаны белгісіз. Ал, үйлерінен кетуге мәжбүр болған тұрғындарға билік азық-түлік пен дәрі-дәрмек жағынан көмектесуге уәде берді.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ