Бірнеше бөлмесі бар жерлеу орны жартасқа ойылып салынған. Оның ішінен археологтар 30 мумияны тапты. Олардың арасында балалардың бальзамдалған денелері бар. Қабірге кіретін есік тас қабырғамен жабық тұрғандықтан, көп жыл бойы оны ешкім таппаса керек. Бұған қоса, мола ішіндегі жазбалардан мумиялардың бірінің атының Тийт болғаны анықталып, сонымен бірге Мысырдың ежелгі құдайларына арналған дұға, тілектері табылған.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ