Лондонда қоршаған ортаның ластануына қарсы жүздеген адам шеруге шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Лондонда қоршаған ортаның ластануына қарсы жүздеген адам шеруге шықты

23.04.2019

Олар Лондонның Мәрмәр қақпасынан өтіп, британ парламентіне бет алды. Осылайша шерушілер көшелерді бөгеп, көлік қозғалысын тоқтатқан. Экология белсенділері үкіметтен 2025 жылға қарай парниктік газдардың тарауына тосқауыл қойып, жаһандық климат дағдарысымен күресуді талап етіп отыр. Тәртіп сақшыларының айтуынша, бұған дейін осындай наразылық акциялары кезінде 1065 адам тұтқындалған. Оларға 53 бап бойынша, соның ішінде көшені бөгеу туралы айып тағылды.

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу