Күдіктілердің арасында жанкешті-лаңкестер пайдаланған фургонның жүргізушісі мен олар тұрған үйдің қожайыны бар. Ал, соңғы мәліметтерге сай, құрбандардың саны 310-ға жеткен. Жараланған 500-дей адам ауруханада жатыр. Елде бүгіннен бастап төтенше жағдай өз күшіне енді. Тағы бір ақпаратқа сай, Шри-Ланка үкіметі бұл шабуылдың дайындалып жатқаны туралы мәліметті екі апта бұрын шетелдік барлаушылардан білген. Ал, 5 күннен кейін оны жүзеге асыратын қылмыскерлердің де есімдері белгілі болса керек.
Сәуірдің 21-інде Шри-Ланкада 8 жарылыс болды. Қаза тапқандар арасында 13 елдің азаматтары бар. Сол себепті бұл қырғынға қатысты тергеу халықаралық деңгейде жүргізіледі.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ