Кремль Владимир Зеленскийді Украина президенті болып сайлануымен әлі құттықтаған жоқ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кремль Владимир Зеленскийді Украина президенті болып сайлануымен әлі құттықтаған жоқ

23.04.2019

Сонымен қатар, Мәскеу президент Владимир Путин мен Зеленский ынтымақтаса жұмыс істейді ме деген сауалға жауап беру тым ерте деп есептейді. Мұны Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеді. Оның айтуынша, Ресей Украина азаматтарының таңдауын құрметтейді. Тағы бір сөзінде Песков Зеленскийдің Ресейге қатысты ұстанымын оның нақты істеріне қарап бағалау қажет болатынын атап өтті.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу