Париждің Нотр-Дам соборына іргелес аудандары туристер үшін ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Париждің Нотр-Дам соборына іргелес аудандары туристер үшін ашылды

23.04.2019

Қаланың алапат өрттен зақымданған символын енді жақыннан көруге болады. Бұған қоса, осы жердегі метро станциясы да жұмысын қайта бастады. Ал, көпшілік собордың қираған бөліктерін айнымастай етіп қайта қалпына келтіруді талап етіп жатыр. Мұндай өтінімге ондаған мың адам қол қойған. Президент Эмманнуэль Макрон Нотр-Дамның реконструкциясын 5 жылда аяқтауға уәде берді. Оның жұмысына халықаралық конкурс арқылы ең озық шетелдік сәулетшілер таңдалады.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу