«KEGOG» акционерлік қоғамы акцияларын сатылымға шығармақшы. Осылайша, бұл мекеме елімізде «Халықтық IPO» бағдарламасы бойынша құнды қағаздарын нарыққа жіберген екінші компания болады.
Компания басшылығы акцияларды сатып алуға ниетті атыраулықтармен кездесіп, олардың сан түрлі сұрақтарына жауап берді. Айта кету керек, бұл мекеменің саясатына сәйкес, дивидентті төлеуге жұмсалатын қаржы көлемі сол жылғы таза кірістің 40 пайызынан кем болмайды. Ал, 1 акция құны 505 теңгені құрайды.
Батырбек ҚУАНДЫҚҰЛЫ