Сириядағы әскери лагерьде 2500 шетелдік бала тұрып жатыр. Олар күзетке алынған. Мұны Біріккен Ұлттар Ұйымы мәлімдеді. Бұл лагерьде сириялық немесе ирактық емес барлығы 75 мың адам тұрып жатыр.
Аталған халықаралық ұйым болса, өзге елдерді бүлдіршіндерді қараусыз қалдырмай, өз азаматтарын кешіктірмей қабылдауға үндеді. Дегенмен, бұл процесс оңайға соқпай отыр. Себебі, көптеген мемлекеттердің Сириядан өз еліне қайта алмай отырған жандарға консулдық қызмет көрсетуіне немесе олар тұрып жатқан аудандарға баруына жағдай жасалмаған.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ