Никарагуада жүздеген адам президент Даниель Ортегаға қарсы шерулетті. Рұқсат етілмеген наразылық акциясына қатысқандарды полиция тұтқындаған. Мұны оппозиция өкілдері мәлімдеді. Алайда, полиция бұл ақпаратты жоққа шығарды. Жалпы, Орталық Америкадағы мемлекетте үкіметке қарсы шерулер бір жыл бұрын басталды. Қазір демонстрациялар ауқымды қарсы тұру қозғалысына айналған. Шерушілер елде демократиялық реформалар жүргізуді талап етіп келеді.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ