Судан президенті Омар әл-Башир тұтқындалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Судан президенті Омар әл-Башир тұтқындалды

12.04.2019

Мұны елдің қорғаныс министрі Авад Мохамед Ахмед ибн Ауф мәлімдеді. Оның айтуынша, Башир қазір қауіпсіз жерде қамауда отыр. Айта кетсек, Суданда мемлекет басшысына қарсы шерулер 16 аптаға созылды.

Башир орнынан түскеннен кейін билік екі жылға армияның қолына өтіп, Ауф Өтпелі әскери кеңестің төрағасы болып тағайындалып, ант берді. Бұған ашынған халық жаппай көшеге шығып, билікті азаматтық әкімшілікке тапсыруды талап етіп жатыр. Наразылық акциясына ондаған мың адам шыққан. «Біз әскери үкіметті қабылдамаймыз», - дейді демонстранттар.

Сонымен қатар, елде үш айға төтенше, бір айға коменданттық жағдай жарияланып, конституцияға уақытша тыйым салынып, Суданның әуе кеңістігі 24 сағатқа жабылған.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу