Үндістанда екі шабуылдан 7 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үндістанда екі шабуылдан 7 адам қаза тапты

10.04.2019

Құрбандардың ішінде биліктегі «Бхаратия Джаната парти» партиясынан сайланған депутат бар. Бірінші бомбаны елдің шығысында маоисттік содырлар іске қосқан. Ал, Джамму Кашмир штатында қарулы адам госпитальге басып кіріп, биліктегі партиямен байланыстағы үнді тобының аймақтық лидерін мерт қылды.

Кейбір бақылаушылар бұл оқиғаларды алдағы саяси науқанымен байланыстырып отыр. Айта кетсек, ертең Үндістанда бес аптаға созылатын әлемдегі ең үлкен парламенттік сайлау басталып, онда 900 миллиондай адам дауыс беруі мүмкін.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу