Алжир халқы уақытша президентке қарсы шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алжир халқы уақытша президентке қарсы шықты

10.04.2019

Алжирде жоғарғы палатаның төрағасы Әбділқадыр Бенсалах ел конституциясына сай уақытша президент деп жарияланды. Дегенмен, халық оны елдің бұрыңғы президенті Әбділәзиз Бутефликаның жақтасы деп айыптап, наразылықтарын білдірді. Сондықтан олар шеруге шығып, демократиялық реформаларды түбегейлі өзгертуді талап етіп отыр. Жүздеген демонстранттарды тәртіп сақшылары сумен атқылап, көз жасаурататын газ қолданған. Дегенмен, ашулы жұрт шерулетуден тайынбайтынын айтты. Ал, уақытша президенттің билік басында 90 күн болуға құқығы бар. Осы уақыт ішінде ол мерзімінен бұрын президент сайлауын жариялауы тиіс.

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу