Моңғолиялық Байкал Байгалма есімді қыз Ұлан-Батырдан Ұлыбританияға түйемен жолға шықты. Керуенбасы Лондон қаласына Ұлы Жібек жолы арқылы жетпекші. Екі айдан бері 3800 километрді артқа тастаған саяхатшылар қазір Алматыға аялдап, уақытша түйелерін шөктірді.
Енді тұманды Альбионға жету үшін әлі 2 жарым жыл жол жүреміз, деп отыр. Мұндай қадамға баруымыздың басты себебі «Ата-бабаларымның жүріп өткен жолын өз көзіммен көріп, қиыншылығын сәл де болса сезінсек» , дейді керуеншілер. Айта кетейік, моңғол қызы Байгалма осы уақытқа дейін әлемнің отыздан астам елін ұшақпен де көлікпен де аралап көрген. Енді түйемен бірінші рет ұзақ сапарға шығыпты.
Байкал Байгалма, саяхатшы:
Көптеген арманым бар. Ең басты армандарымның бірі осы. Мақсатыма жетемін деген ойдамын. Жолда талай қиындықтар кездесті. Көмектескен адамдар да болды. Соның ішінде Қазақтарға риза болдым. Ерекше сый-құрмет көрсетті. Енді, алдағы уақытта, Өзбекстан, Түрікменстан, Иран, Түркия елдерін асып, сапарымды жалғастырамын.
Нұрхан НҰРЛАНҰЛЫ