Анкараның жаңа мэрі қызметіне кірісті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Анкараның жаңа мэрі қызметіне кірісті

09.04.2019

Түркияда оппозициялық кандидат Мансұр Яваш ресми мандатын алып, Анкараның мэрі қызметіне кірісті. Ол Халықтық-республикалық партия атынан сайлауға қатысып, жеңіске жеткен. Қаланың жаңа басшысы барлық тұрғындарға бірдей қарап, әділ қызмет етуге уәде беріп отыр.

Айта кетсек, наурыздың 31-де өткен муниципалды сайлауда Түркия президенті Реджеп Тайып Эрдоғанның Әділет және даму партиясы Анкарада ғана емес, Стамбулда да жеңіліске ұшырап, ел астанасын басқару құқығынан айырылды. Бірақ, биліктегі партия заң бұзушылықтарға жол берілгенін айтып, Ыстанбұлда берілген дауыстарды қайта санауды талап етіп, сотқа шағым түсіріп отыр. 

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу