АҚШ Ирандағы Ислам революциясы сақшылары корпусын Халықаралық террористік ұйым деп таныды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ Ирандағы Ислам революциясы сақшылары корпусын Халықаралық террористік ұйым деп таныды

09.04.2019

АҚШ Иранның Ислам революциясы сақшылар корпусын Халықаралық террористік ұйым деп таныды. Алғаш рет Вашингтон өзге мемлекеттік қарулы құрылымын бұл тізімге қосып отыр. Ақ үйдің мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Тегеран өзінің революциялық сақшылар корпусын халықаралық лаңкестік науқан өткізу үшін пайдаланатынын мәлімдеді. Бұған жауап ретінде Иран Таяу Шығыстағы америкалық қарулы күштер контингентін террористік ұйым деп жариялап отыр. Шешім бір аптадан кейін күшіне енеді.                                                    

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

 

Хабарламаларға жазылу