Мексикаға жиналып қалған орталықамерикалық мигранттар Тихуана және Сьюдад Хуарес қалаларынан АҚШ-қа кетуге әрекет жасап жатыр. Олар шекара бойындағы қабырғағаның үстіне арқанмен өрмелеп шығып, арғы бетке секіріп жатыр. Осылайша мигранттар америкалық сақшылардың қолына түсіп, баспана алу процесін жеңілдетуден үмітті.
Құрама Штаттар үкіметі баспана сұраған орталықамерикалықтардың мәселесін шешуге күш салып жатқанын мәлімдеді. Вашингтон Сальвадор, Гватемала, Гондурас елдері бұл көшті тоқтатпаса, оларды көмектен айыратынын ескертті. Сонымен қатар, Президент Дональл Трамп бірнеше аптаның ішінде Мексикамен арадағы шекараны жабатынын мәлімдеп отыр.
Арыстан РЫСБЕК