Апат елдің солтүстігіндегі Хумачуко қаласында болды. Жұмысшылар туннельді қазу барысында улы газдан тұншығып қалған. Бұл туралы жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары хабарлады. Апаттан аман қалған жалғыз адам Сезар Рондо кеншілердің басы айналып, естерінен тана бастағанын айтты. Оның өзі дер кезінде сыртқа шығып үлгерген. Кеніштің заңсыз жұмыс істеп, қауіпсіздік шараларын сақтамағаны анықталып отыр. Әзірге шахтаның нақты кімге тиесілі екені белгісіз.
Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ