Мысырда көлік тұрағының жаңа түрі іске қосылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мысырда көлік тұрағының жаңа түрі іске қосылды

02.04.2019

«Смарт Парк» деп аталатын құрылғы жеделсатыға ұқсас. Вертикалды тұрақ тек қана екі автокөліктің орнын алғанымен, оған 12 машина сыяды. Көлік арнайы сатыға орналастырылған соң, құрылғы оны жоғары көтереді. Осылайша Мысыр билігі көлік тұрағының мәселесін шешуді көздеп отыр.

Себебі қала көшелеріндегі автомобиль саны жыл сайын 10 пайызға өсуде. 2017 жылы жүргізілген статистика бойынша, елде 10 миллион автокөлік тіркелген. Сондықтан жүргізушілер жол кептелісімен қоса, уақыттың бір бөлігін көлік тұрағынан орын іздеуге жұмсайды екен. Ал, жаңа өнертабыс түрінен ұялы қосымша арқылы алдын ала орын алып қоюға да болады.

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу