Бразилияда 1964 жылғы әскери төңкерісті еске алуға қарсы ауқымды шеру өтіп жатыр. Алайда, жаңа президент Жаир Болсонару мұндай салтанатты ұйымдастырған дұрыс деп есептейді.
Шерушілердің ойынша, 20 жылдай билік еткен әскери диктатура жүздеген адамды дарға асып, мыңдаған тұрғынды азаптап, Конгрессті жапты. Сондықтан, ондай айуандық мерекеленбеуі керек. Бірақ, мемлекет басшысы мен кейбір бразилиялықтардың пікірінше, жауапсыз демократиядан тәртіп пен қауіпсіздікті сақтаған диктатура артық.
Айта кетсек, кейінгі онжылдықтарда Бразилияда зорлық-зомбылық пен қылмыс өршіп, 2017 жылы 64 мың адам өлтірілген екен.
Арыстан РЫСБЕК