Жапонияда жаңа императормен Рэйва дәуірі басталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жапонияда жаңа императормен Рэйва дәуірі басталады

01.04.2019

Жапонияда мамырдың 1-де  императорлық таққа 59 жастағы ханзада Нарухито отырып, бейбітшілікке ынталандыратын Рэйва дәуірі басталады. Мұны бүгін ел үкіметінің бас хатшысы Йошихиде Суга мәлімдеді. Ол бұл өзгерісті жаңа империялық эра деп атап отыр.

Қазіргі 125-ші император Акихито 83 жаста. Ол елге 1989 жылдан бері басшылық етіп келеді.  Айта кетсек, Жапония тарихында 1817 жылдан бері ешқандай патша Акихито тәрізді тақты өз еркімен мұрагеріне тапсырмаған екен.

 

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу