Тайландта батпаққа батқан 6 піл құтқарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тайландта батпаққа батқан 6 піл құтқарылды

29.03.2019

Оқиға Бангкоктан шамамен 160 шақырым жердегі Тап-Лан ұлттық саябағында болған. Аптап ыстықта шомылу үшін піл балалары тоғандағы суға түскен. Алайда, одан өздігінен қайта шыға алмапты. Мұны Ұлттық парк департаментінің қызметкері байқап, көмек шақыртқан. Табиғат сақшылары тоғанның шетін қазып, жануарлардың шығуы үшін жол жасады. Барлық 6 піл баласы батпақтан аман қалып, өз орталарына қайтарылды.

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу