Трамп: Ресей Венесуэладан әскерін шығарсын - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Трамп: Ресей Венесуэладан әскерін шығарсын

28.03.2019

АҚШ президенті Дональд Трамп Ресейді Венесуэладан әскерін шығаруға шақырды. Бұл туралы ол Венесуэла оппозициясының лидері Хуан Гайдоның жұбайы Фабиана Розалеспен кездесу барысында айтты.

Жақында Ресей Венесуэлаға жүз шақты жауынгер мен офицер жіберген. Вашингтон бұл әрекетті  президент Николас Мадуро режиміне қолдау көрсету және Венесуэланың ішкі істеріне араласу деп бағалады. Ал, Мәскеу бұған АҚШ алдымен Сириядағы әскерін шығаруы керек деп жауап қайтарған.

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу