Таяу Шығыста жағдай шиеленісіп тұрғандықтан, Израиль-Газа секторы шекарасынан танкілер әлі әкетілмей тұр. Сонымен қатар, еврей мемлекеті мобилизация жариялап, Газа маңына қосымша әскер жөнелткен. Кейбір бақылаушылардың ойынша, бұл + ерекше жағдай. Дүйсенбі күні «Хамас» қозғалысының содырлары Израиль аумағына зымыран жіберіп, 7 адамды жаралады. Содан кейін Израиль Газаны бомбалап, бес палестиналық госпитальге түскен. «Хамас» Газа секторын 2007 жылы өз бақылауына алды. Содан бері Израиль бұл аумаққа қарсы үш рет соғыс ашты. Алайда, соңғы бес жылда екі жақ Мысырдың арағайындығы нәтижесінде үлкен әскери жанжалға жол бермеген еді.
Арыстан РЫСБЕК