Алжир президентіне қарсы наразылық күшейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алжир президентіне қарсы наразылық күшейді

27.03.2019

Алжирдің армия штабының қолбасшысы ел президенті Әбдел Азиз Бутефликаны биліктен өз еркімен кетуге шақырды. Оның үкіметіне қарсы наразылық акциялары алтыншы аптаға ұласып отыр.

Айта кетсек, Бутефлика бұған дейін бесінші мәрте сайлауға қатысуға ниет білдірген еді. Алайда, халық наразы болған соң, ол бұл ойынан бас тартуға мәжбүр болды. Дегенмен, президент сайлауды кейінге қалдырған. Халық мұны биліктегі қалуға ұмтылыс деп қабылдады. Қазір 82 жастағы Бутефликаның денсаулығы сыр бере бастаған. Сондықтан армия басшысы оның ел билеуге қауқары жоқ екенін айтады. Ал, ашынған халық үкімет құрамы өзгермей, шеруді тоқтатпайтынын ескертіп отыр.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу