Сербия астанасы Белградта мыңдаған адам үкіметке қарсы митингке шықты. Олар перзидент резиденциясының алдына жиналып, Александр Вучичтің отставкаға кетуін талап етті.
Сонымен қатар, демонстранттар бұқаралық ақпарат құралдарына еркіндік беріліп, әділ сайлау өткізілсін деп отыр. Алайда, Вучич биліктен өз еркімен кетпейтіндігін мәлімдеді. Осыдан кейін наразы жұрт мемлекеттік телеарнаның ғимаратына басып кіріп, шеруді тікелей эфирден көрсетуді талап еткен. Бірақ, полицейлер оларды сыртқа күшпен шығарған. Ал, орталық алаңға жүк көлігімен кірмек болған адамдарға қарсы тәртіп сақшылары бұрыш шашатын баллондар қолданған.
Айта кетсек, Сербияда мұндай шерулер желтоқсанның 15-нен бері әр жексенбі сайын өтіп жатыр. 2000 жылы дәл осындай акциялардан кейін сол кездегі президент Слободан Милошевич биліктен кеткен еді.
ЖАНСАЯ ҚАПАСҚЫЗЫ