20-дан астамы ауыр жараланып, госпитальге жеткізілген. Соңғы мәліметке қарағанда, осы қантөгіске қатысты деген күдікпен үш ер адам мен бір әйел тұтқындалды. Ұсталғандардың біреуі - австралиялық. Оған адам өлтірді деген айып тағылды.
Қарулы шабуылға Крайстчерч қаласының орталығындағы «ән-Нұр» мешіті мен Линвуд ауданындағы мешіт ұшырады. Полиция операциясы кезінде жарылғыш заттар, отты қару және оқ-дәрілер тәркіленген.
Қантөгіске байланысты қалада мектептер мен мешіттер жабылып жатыр. Шабуылды мойнына алған ер адам иммигранттарға қарсы сөздер жазылған 74-беттік манифест қалдырған.
Арыстан РЫСБЕК