Олимпиада маркалары сатыла бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Олимпиада маркалары сатыла бастады

12.03.2019

Токио Олимпиадасы мен Паралимпиадасының мерекелік маркалары Жазғы Ойындардың басталуына 500 күн қалғанда сатылымға шығарылды. Оларды Жапония поштасы әзірлеген. Бұл маркаларда 2020 жылы өтетін Олимпиада маскоттары мен жаңадан тұрғызылып жатқан стадион бейнелеген.

Сатылымнан түскен қаражат маңызды спорттық шараны өткізу жұмыстарына бөлінеді. Маркаларды дизайнер Акира Тамаки 1964 жылғы Токио Олимпидасы мен Паралимпидасына арналған маркаларға қарап жасаған екен. Айта кетсек, Токио Олимпиадасы келесі жылы шілденің 24-де басталады.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу