Коалиция «Даиштың» анклавын бомбалады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Коалиция «Даиштың» анклавын бомбалады

12.03.2019

АҚШ бастаған коалиция ұшақтары Сирияның шығысында «Даиштың» соңғы анклавын бомбалады. Сондағы мақсат – экстремистерді ақырғы территориясынан айыру.

Сирия демократиялық күштері, яғни, күрд отрядтары Бағоз деген бұл ауылды босату операциясын бірнеше апта бұрын бастады. Содан бері елді мекеннен ондаған мың бейбіт тұрғын қашып, жүздеген содыр қаруын тастап қарсыластарына берілді.

Болжамдарға қарағанда, «Даиш» 2014 жылы құрған халифаты күйрегендіктен, енді партизандық шабуылға көшіп, жер-жерде атыс-жарылыс жасау тактикасына көшеді.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу