Ертең Ұлыбритания парламенті Брекситті қайта дауысқа салады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ертең Ұлыбритания парламенті Брекситті қайта дауысқа салады

11.03.2019

Британияда Брексит үшін шешуші апта басталды. Ертең корольдік парламенті елді Еуропа одағынан шығару туралы келісім жобасын тағы да дауысқа салады. Бұл құжатты депутаттар қаңтардың 15-де мақұлдамаған-ды. Содан кейін премьер-министр Тереза Мэй Брюссельге аттанып, екі Ирландия шекарасындағы даулы мәселе бойынша келіссөз жүргізіп, нәтижесіз оралды. Осы жолы да Брексит жобасы қауымдар палатасынан өтпейді деген болжам бар.

Мұндай жағдайда парламент Ұлыбританияны одақтан келісімсіз шығару мәселесін дауысқа салады. Егер депутаттар бұл идеяны да қолдамайтын болса, Біріккен Корольдіктің одақпен ажырасу уақыты кейінге қалдырылуы мүмкін. Ал, осы саяси драма барысында оппозициялық Лейбористік партия үкіметке сенімсіздік білдіру процедурасында жеңіске жететін болса, Мэйге отставкаға кетуге тура келеді.

Хабарламаларға жазылу