Сол үшін оның компаниясы шифрланған хабарлама функцияларын дамытуға ерекше мән бермек.
Цукерберг өз блогында жазғандай, осы бағытта басталып кеткен жұмыстар жыл бойы жалғасады. Ал, жеке басқа қатысты хабарламаларды ешкімге оқытпай бір адамнан екінші адамға тікелей жеткізетін шифрлау жүйесі Facebook, WhatsApp және Instagram тәрізді барлық платформаларға енгізілмек.
Тағы бір сөзінде Цукерберг өз компаниясының адам құқықтары бұзылатын елдерде мәліметтер орталығын салмайтынын атап өтті.
Арыстан РЫСБЕК
