Кения астанасы Найробидің халықаралық әуежайында жұмысшылар ереуілдетіп, талай әуерейсі доғарылды. Соның салдарынан жүздеген жолаушы сапарға аттана алмай отыр. Соңғы мәліметке қарағанда, жергілікті полицейлер демонстранттарды күшпен таратты.
Ереуіл авиакомпания мен әуежай қызметкерлері арасындағы еңбек шарттары туралы дауға байланысты басталған. Дәлірек айтсақ, кәсіподақ мүшелері осы әуежайға «Кения Эйруэйс» мемлекеттік компаниясының басшылық етуіне наразылық білдіріп жатыр.
Арыстан РЫСБЕК