АҚШ Бейжіңге әлі санкция жарияламаған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ Бейжіңге әлі санкция жарияламаған

05.03.2019

Қытай АҚШ Конгрессін фактілерді құрметтеп, санкция салу жоспарынан бас тартуға шақырды. Мұны бүгін осы елдің сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Лу Кан Бейжіңде өткен баспасөз маслихатында мәлімдеді. Ал, өткен тәулікте Құрама Штаттардың бір топ депутаты Трамп әкімшілігі Шыңжаңдағы мұсылмандарды қудалаған Қытайға қарсы жөнді жауап бермеді деп шағымданды.

Айта кетсек, былтыр Вашингтон Шыңжаңның партиялық хатшысы мен қытайлық компанияларға санкция жариялайтынын айтқан-ды. Сол уәде әлі орындалмаған. Қытай Шыңжаңда миллионнан астам ұйғыр мен өзге де мұсылмандардың заңсыз қамалғанын жоққа шығарып, олардың керісінше кәсіби дайындықтан өтіп жатқанын алға тартып отыр.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу