Филиппин аралдарында 1500-ден астам тасбақа тәркіленді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Филиппин аралдарында 1500-ден астам тасбақа тәркіленді

05.03.2019

Олардың арасында жойылу алдында тұрған түрлері де бар. Жануарлар ел астанасы Манила әуежайында табылған. Оларды ары қарай тасымалдамақ болған ер адам тасбақаларды 4 шабаданға салып, жабысқақ таспамен орап қойған екен. Күдікті ұсталып, қамауға алынды. Ал, тасбақалар елдің қоршаған ортаны және табиғи ресурстарды қорғау министрлігіне өткізілді.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу