АҚШ-тың оңтүстігінде соққан қатты дауыл елдің Алабама және Джорджия штатына үлкен залал келтірді. Мұнда құйын көтеріліп, үйлер құлап, ағаштар түп-тамырымен жұлынған. Қазір штаттың 21 мың тұрғыны электр жарығынсыз отыр. Адамдарға құйынның тағы көтерілуі мүмкін екендігі ескертілді. Бұған дейін елдің Алабама штатында соққан құйыннан 23 адам қаза тауып, 40-тан астамы жараланғанын хабарланды. Аталған штатта бірнеше тұрғын із-түссіз жоғалып кеткен. Сол себепті билік құрбандардың саны әлі де артуы мүмкін деп мәлімдеді.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ
