Илон Масктің SpaceX компаниясының капсуласы Халықаралық Ғарыш Станциясымен түйісті. «Драгон» кемесінің бортында адам емес, манекен бар. Оны орбиталық бекетте америкалық Энн Макклейн, канадалық Давид Сент және ресейлік Олег Кононенко қарсы алды.
Осылайша, АҚШ-тың Ұлттық ғарыш агенттігі НАСА сегіз жылдан бері алғаш рет Халықаралық станцияға өз күшімен адам жіберетін мүмкіндікке ие болып отыр. Айта кету керек, америкалық астронавттар 2011 жылы «шаттлдар» қолданыстан шығарылғаннан бері орбитаға Ресейдің «Союз» кемесімен ұшып жүр. Жалпы алғанда, НАСА бір-бірімен бәсекелес SpaceX пен «Боинг» компанияларына Америка жерінен ғарышқа адам апаратын ракета жасату үшін 6,8 миллиард доллар төлеген.
Арыстан РЫСБЕК