Иран сыртқы істер министрі қызметінен кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Иран сыртқы істер министрі қызметінен кетті

26.02.2019

Иран сыртқы істер министрі Джавад Зарифті Батысқа қарсы ұстанымы қатаң саяси күштер қызметтен кетуге мәжбүрлеген. Дегенмен, Ислам Республикасының бас дипломатының өзі неліктен отставкаға кеткенін әлі ашық айтқан жоқ. Алайда, оның сыбайластарының бірі бүгін мәлімдегендей, Батыспен мәмілеге қарсы фракциялар Зарифке апта сайын жабық есіктің ар жағында сұрақ қойған. Ол сауалдар АҚШ-пен және әлем державаларымен жасалған ядролық келісім жайлы болыпты.

Айта кету керек, былтыр Құрама Штаттар сол тарихи пәтуадан шығып, Тегеранға қарсы санкцияларды қайта жандандырды. Осының салдарынан Иранның мұнай экспорты шектеліп, экономикасы қиындыққа тап болып, валютасы әлсіреп барады.

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу