Босқындар көшіріліп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Босқындар көшіріліп жатыр

26.02.2019

Сирияның шығысында «ДАИШ»-тың қарамағындағы соңғы ауылдан тағы жүздеген бейбіт тұрғын әкетілді. Олар транзиттік орталыққа жеткізіліп, тергеуден өтеді.

Болжамдарға қарағанда, Ирак шекарасы маңындағы Бағоз деген ауылда «ДАИШ»-тың мыңнан астам шетелдік содыры жасырынып, жергілікті халықты тірі қалқан ретінде пайдаланып, негізінен күрд жасақтарынан құралған Сирия демократиялық күштеріне қарсылық білдіріп жатыр.

Қазір Бағозды күрд отрядтары қоршауда ұстап тұр. Ал, тұрғындар толық шығарылатын болса, «ДАИШ» содырлары жойылады немесе тізе бүгіп, тұтқынға алынады.

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу