Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ын бүгін Вьетнамға жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ын бүгін Вьетнамға жетті

26.02.2019

Мәртебелі мейманды қабылдаушы елдің жоғары лауазымды тұлғалары кызыл кілем төсеп, салтанатты түрде қарсы алған. Ким Чен Ын - атасы Ким Ир Сеннің 1964 жылғы сапарынан кейін Вьетнамға алғаш рет барып отырған Солтүстік Корея лидері.

Ертең мұнда оның АҚШ президенті Дональд Трамппен екікүндік кездесуі өтеді. Алғаш рет екі мемлекет басшылары маусымда Сингапурде кездесіп, Корей түбегін толықтай ядролық қарудан тазарту бойынша жұмысты бастауға келіскен еді. Екінші кездесуде де олар осы бағытта келіссөздерді жалғастырады. Кейбір мәліметтерге қарағанда, Дональд Трамп пен Ким Чен Ын келісімдерді іске асыру бойынша жол картасын жасау, сонымен бірге 1950-1953 жылғы соғысты аяқтау туралы бейбіт келісім жайын да талқылайды.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу