Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ын Вьетнамға барды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ын Вьетнамға барды

26.02.2019

Ол іссапарға пойызбен жеткен. Қазір ел астанасы Ханойда саммитке соңғы дайындықтар жүріп жатыр. АҚШ және Солтүстік Корея арасындағы екінші саммит 27-28 ақпанға жоспарланып отыр.

Айта кетсек, олардың алғашқы саммиті 2018 жылы маусымда Сингапурда ұйымдастырылып, сол кезде екі лидер Корея түбегін ядролық қарудан толық тазарту бағытында жұмыс істеуге уәде берген еді. Бұл мәселе осы саммитте де талқыланатын болады.

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу