Венесуэлада әскерилер қызметтерін тастап, қашып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Венесуэлада әскерилер қызметтерін тастап, қашып жатыр

26.02.2019

Олар шекара асып кеткен. Жергілікті биліктің айтуынша, соңғы үш күнде 167 сарбаз дезертир атаныпты. Қазір олар Колумбияның миграциялық агенттігіне қосылған.

Ал, оппозияция лидері Хуан Гуайдо әскери күштерді халықаралық көмекке бөгет болмауды шақырып, Мадуроны жақтаған офицерлерге амнистия беруге уәде беріп отыр. Отбасылары зардап шеккен сарбаздар оның ұсынысын қабылдады. Мадуро гуманитарлық көмектен бас тартып, елдегі дағдарысты жоққа шығарып отыр.

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу