Нигерияда шабуылдан 130 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нигерияда шабуылдан 130 адам қаза тапты

20.02.2019

Нигерияның солтүстік-батысындағы Кадун штатында болған қанды қырғыннан 130 адам қаза тапты. Қарулы топ сегіз ауылды шабуылдап, бейбіт тұрғындарды қырып салған. Бұл туралы өңірдің губернаторы Насир Эль-Руфай мәлімдеді.

Сондай-ақ, ол қантөгіске дінаралық өшпенділік себеп деп отыр. Құрбандардың көбі – мұсылмандар. Айта кетсек, былтыр қазан айында осы елді мекенде үлкен шабуылдан 55 адам мерт болған-ды.

Соңғы мәліметке қарағанда, Кадундегі оқиғаға байланысты күдікті 11 адам қамауға алынды. Қазір тергеу жүріп жатыр.

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу