«ДАИШ» мүшесінің әйелі болған британдық жасөспірім азаматтығынан айырылуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«ДАИШ» мүшесінің әйелі болған британдық жасөспірім азаматтығынан айырылуы мүмкін

20.02.2019

Британдық жасөспірім қыз Шамима Бегам азаматтығынан айырылуы мүмкін. Ол 2015 жылы 15 жасында үш құрбысымен Сирияға аттанып, «ДАИШ» қарулы тобына қосылған. Ал, жақында Шамима Сирияның шығысында «ДАИШ»-тың соңғы ауылына қарсы операция басталғанда босқындар лагеріне қашып, сонда босанған. Ол журналистерге Ұлыбританияға оралғысы келетінін айтқан. Алайда, ресми Лондон 19 жастағы Бегамның өзге ел азаматтығын ала алатынын мәлімдеді.

Шамима Бегам Сирияға жеткеннен кейін, 10 күн өткенде голландиялық содырға тұрмысқа шыққан. Оның күйеуі екі апта бұрын тұтқынға түсті деген болжам бар. «Рейтердің» хабарлауынша, Бегамның осыған дейін екі баласы ауырып, шетінеп кеткен.

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу