ТМД елдеріндегі терроризмге қарсы органдардың жиыны өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ТМД елдеріндегі терроризмге қарсы органдардың жиыны өтті

19.02.2019

Терроризммен күресу үшін ТМД мемлекеттері бірлесе қимылдауы керек. Себебі әлемдегі ахуал әлі де тұрақсыз. Әсіресе, Сирия мен Ауғанстан аймағындағы түрлі топтардан достастық елдеріне қауіп бар. Бұл туралы Мәскеуде өткен ТМД елдері терроризмге қарсы күрес жөніндегі ұлттық орталық жетекшілерінің XII кеңесінде айтылды. Жиында жаһандық қауіп-қатерге қарсы тұру үшін, өзара жедел ақпарат алмасудың және терроризмді қаржыландыруға жол бермеудің маңызды екенін айтты. Тараптар сонымен қатар, биыл күзде бірнеше елдің аумағында өтетін «Антитеррор-2019» бірлескен жаттығуына дайындықтың барысын пысықтады.

Андрей Новиков, ТМД Терроризмге қарсы күрес орталығының жетекшісі:

- Біз әлемдегі террористік ұйымдардың белсенділігіне қарап, жағдайдың әлі де күрделі екенін, шиеленісіп тұрғанын көреміз. Қазір ТМД елдерінің қауіпсіздік қызметтері Сирия-Ирак және Ауғанстан-Пәкістан аймағындағы жағдайды қиын деп бағалап отыр. Алайда, ТМД аумағындағы ахуалға келетін болсақ, қауіпсіздік органдары мен арнайы қызмет орындарының жұмысының арқасында біздің азаматтарымыз терроризм қаупінен барынша қорғалған.

Нұртас СОЛТАНҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу