АҚШ-тың 16 штаты президент Д.Трамп әкімшілігін үкімет жұмысын тоқтатқаны үшін сотқа берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-тың 16 штаты президент Д.Трамп әкімшілігін үкімет жұмысын тоқтатқаны үшін сотқа берді

19.02.2019

Шағымданушылардың мәлімдеуінше, Ақ үй басшысы Мексикамен арадағы шекараға қабырға тұрғызуға бюджеттен 5,7 миллиард доллар алып, салық төлеушілерді тонағысы келеді. Алайда, президенттің сөзінше, ол қорған елді заңсыз миграция мен есірткі саудасы қаупінен қорғау үшін қажет.

Трамп АҚШ-Мексика шекарасын мықтауға қажетті миллиардтаған долларға төтенше жағдай жариялау арқылы қол жеткізгісі келеді. Конгресс пен президент арасындағы осы дау үшін мемлекеттік бюджет бекітілмей, федералдық үкімет желтоқсанның 22-сінен бері бірнеше апта бойы жартылай жабық тұрды, 800 мыңдай адам ақысыз демалысқа жіберілді.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу