Кашмирде жағдай шиеленісіп барады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кашмирде жағдай шиеленісіп барады

18.02.2019

Бүгін Үндістан қауіпсіздік күштері Пулвама ауданында бір ауылды қоршауға алып, онда жасырынған қарулы топпен қақтығысты. Соңғы мәліметке қарағанда, әскери жанжал кезінде 7 адам мерт болған. Құрбандардың төртеуі – үнді жауынгерлері, біреуі – бейбіт тұрғын, екеуі - содырлар.

Өткен аптада мұнда үндістандық 44 полицей өлтірілді. Ресми Дели сол шабуыл үшін Пәкістанды айыптап отыр. Алайда, Исламабад оған өзінің еш қатысы жоқ екенін мәлімдеді.

Айта кетсек, негізінен мұсылмандар шоғырланған Кашмирді Үндістан да, Пәкістан да өз бақылауына толық алғысы келеді.

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу