Канадалық компания Атлант мұхитында жүзіп жүрген мұздықтарды жинап, ерітіп сатып, 20 жылдан бері пайда тауып келген. Айсберг суы әлемдегі ең таза, ең мөлдір болып есептеледі. Литрі 100 доллар тұратын бөтелкедегі суды кәсіпорын Корея, Сауд Арабиясы мен Қытайға экспорттаған.
Ол жоғары сапалы ішімдік жасауға да пайдаланылады. Кәсіпорынның контейнеріндегі 30 мың литр суды бүгін белгісіз біреулер қолды еткен. Қылмыстық іс қозғалды. Жалпы, көктемде еритін алып мұздықтарды аулау - өте қауіпті, қиын процесс. Бірақ одан түсетін пайда да көл-көсір.
Нұрсұлу ҚАСЫМ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.