Бельгияда жұмысшылар ереуілге шығып, барлық рейстер тоқтатылды. Бұл акция нәтижесінде порттардың қызметі тоқтап, әуежайлар 24 сағатқа жабылған. Сондықтан, кейбір жолаушылар автобустармен жол жүруге мәжбүр. Жалпы алғанда, Брюссель әуежайы 591 рейсті доғаруды жоспарлап отыр. Одан 60 мыңдай жолаушы зардап шегуі мүмкін.
Жұмысшылар жалақы мен зейнетақыны арттырып, жұмыс пен жеке өмір арасындағы балансты жақсартуды талап етіп отыр.
Кейбір бақылаушылардың пікірінше, жұмысшылар ереуілі оңшыл-центристік бағыттағы федералдық үкіметтің беделін түсіру үшін сайлау қарсаңында әдейі ұйымдастырылса керек.
Жансая АЛЬЧЕМБАЕВА
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.